Kaspi банкінің баспасөз қызметі қарулы азамат басып алған бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын мәлімдеді.
"Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ. Қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр. Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады”, – деп мәлімдеді банк өкілдері.
Еске салайық, қарулы адам Астанадағы банктердің бірінің филиалына келушілерді басып алған. Ішінде жеті қыз бен бір күзетші бар екені хабарланды. Оқиға орнына арнайы жасақ келді.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаруылы адам Kaspi-дің барлық активтерін мүгедек балалар мен жағдайы нашар отбасыларға аударуды талап еткен. Талабын орындауға 3 сағат берген деп айтылады. Әзірге полиция бұл ақпаратқа түсінік берген жоқ.