Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруге 100-ден астам адам қатысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қатонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орман шаруашылығы, 44 орам) 18 маусым күні сағат 14:00-де өрт шықты.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері, 99 адам мен 3 бірлік орман шаруашылығы техникасы, авиациялық орман қорғаудан 6 адам, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам жұмыс істеуде.
Кейіннен Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалы аумағындағы өрттің оқшауланғаны белгілі болды.