19.06.2023, 05:30

Астанада ер адам көпірден өзенге секірген

Фото: Zakon.kz
35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған.

Астанада ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірді. Ол мас болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 11:25-те болған.

"Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенінде қайықпен патрульдеу кезінде елордалық құтқарушылар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды". Төтенше жағдайлар министрлігі