Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
«Әлем чемпионатымен қосқанда қоян-қолтық ұрыстан әлемді үш рет мойындаттым. Барлық жанашырларыма қолдау көрсеткені үшін рақмет», - деп жазды Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында.