$ 494.87  520.65  4.91

3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді

Оның айтуынша, жезөкшелікті ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты, деп хабарлайды baq.kz.

«STOP трафик» аясында 9-12 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шараның 3 күні ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде 1 кәмелетке толмағанға, 2 адам саудасына, 3 дерегі жұмыс күшін ұйымдастыру, 6 жезөкшелікке қатысты және 40 қылмыс жезөкшелікке қатысты «притон» ұйымдастыруға қатысты болып отыр, - деді Таев. 

Оның айтуынша, жезөкшелікті ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. 

Мысалы, полиция қызметкерлері 43 жастағы Тәжікстанның азаматына үш ай бойы физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен Ақтөбе облысының тұрғыны, шаруа қожалығының басшысын анықтап, полицияға жеткізді. Жәбірленуші күндіз тракторшы, ал түнде сиыр питомнигінде күзетші болып жұмыс істеп, фургонда түнеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жәбірленушіні полиция қызметкерлері адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырып, қажетті көмек алуда, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары