19.06.2023, 15:20

Астана маңында өрт шығып, сол жағалауды түтін басты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин
Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Астана қаласы маңында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 09-12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған орынға барған өрт сөндірушілер  Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенуін анықтады.

Қазіргі уақытта жеке құрамның  100 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 10 бірлігі, сондай-ақ қала әкімдігінің суару  машинасының 8 бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үстінде, - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысы.