$ 443.35  475.54  4.82

Семей-Шымкент ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты шұғыл Алматыға қонды

Компания рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі болмағанын айтты.
Фото: azattyk ruhy
Фото: azattyk ruhy

Семейден Шымкентке көтерілген FlyArystan ұшағы Шымкенттегі қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға шұғыл қонды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«KS 7552 рейсі дүйсенбі, 19 маусымда Семейден көтерілді, бірақ Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды. Алматыдан межелі жерге ұшатын жол сағат 21:00-ге жоспарланған«, делінген хабарламада.

Компания рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі болмағанын айтты.

Әуе компаниясының кінәсі болмаса да, FlyArystan екі сағаттан астам кешігуіне байланысты Семей-Шымкент рейсінің жолаушыларына сусын мен кешкі тамақ берді.

Ұшу бес сағаттан артық кешіктірілсе, жолаушылар бос орындар болса, келесі рейске билетті бір рет тегін қайта брондау құқығына ие. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары