20.06.2023, 12:40

«Қазақстанда қарапайым мектепке барады»: министр шетелде оқитын балаларын елге қайтарды

Фото: edu.kz
Еске салайық, бұған дейін Саясат Нұрбек  балалары оқуын Кипрде жалғастыруды жөн көргенін, олардың таңдауы мен құқығын құрметтейтінін айтқан еді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын, елде қарапайым мектепте оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Олар Қазақстанға келді. Елде қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, әр түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз", – деді министр Ақорда кулуарында. 

Еске салайық, бұған дейін Саясат Нұрбек  балалары оқуын Кипрде жалғастыруды жөн көргенін, олардың таңдауы мен құқығын құрметтейтінін айтқан еді.

Алайда кейіннен оларды Қазақстандағы мектепке қайтаратынын мәлімдеп, тіпті журналистерге фотоесеп беруге уәде берген-ді.