$ 443.44  480.51  4.88

Абай облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімді, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығынан төмен.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды nege.kz.

19 маусым сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Александро Юрченко сұр түсті джинсы киген, иығында қара рюкзагы бар. Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімді, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығынан төмен.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары