22.06.2023, 09:40

Алматыда ұсталған азамат полиция көлігінде өзіне қол жұмсады

Фото: pixabay
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм мас болған.

Көлік ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталғаннан кейін полиция көлігінде суицид жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм мас болған.

«Алматы қалалық ПД танысының Toyota маркалы автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылғы азамат И.-дың өліміне қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.