22.06.2023, 10:20

Талғарда жаппай төбелес болды

Фото: видеодан скриншот
Төбелеске оннан астам адам қатысқан.

Алматы облысында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бұзақылық Талғар қаласында түнгі сағат екі шамасында бір- біріне аямай жұдырық жұмсап, таяқтаған. Жанжалға Алматы облысы Полиция департаментінің Талғар ауданы ПБ бастығы Рүстем Жарықбасов түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 - бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылар Талғар ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деді Жарықбасов.

Төбелеске оннан астам адам қатысқан.