$ 494.87  520.65  4.91

«Аппетитіңді азайт!»: олигарх халықты қарызға батырған банктерге шүйлікті

Оның сөзінше, қазақстандықтардың қарызы күн өткен сайын артып келеді.
Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов бір несиесін екінші несиемен жауып, өлместің күнін кешіп жүрген халықтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кредит алу студенттерге, зейнеткерлерге, тіпті жұмыссыздарға да  оңай шаруа болып кетті. Отбасы мүшесінің әрқайсысында 2,28 кредит бар. Бұл масқара! Оның үстіне, олардың төлем қабілеттілігі де ешкімді алаңдатпайды”, – дейді олигарх.

Оның сөзінше, қазақстандықтардың қарызы күн өткен сайын артып келеді.

“Халық 56%-дық ескі несиесін өтеу үшін, жаңа несие алуға мәжбүр. Жалақы түгелдей қарызды өтеумен кетеді. Мұны өмір сүру түгілі, күнелту деп айту қиын. Соның салдары адамдарды қылмысқа, суицидке апаратыны анық…”, – деп жазды Жанықұлов.

Кәсіпкер Астанадағы банкке шабуылды соның алғашқы көрінісі деп атады.

“Каспи Ред – қазақстандықтарды алдаудың тағы бір тамаша тәсілі. Жылдам ақша өзінің қолжетімділігімен кез-келгенді қызықтыратыны белгілі. Адамдар аңғармастан қажетсіз заттар мен бұйымдар сатып алумен әлек. Дәл осы жағдайда банк қарапайым адамдармен қоса бизнестен де табыс табады. Kaspi, аппетитіңді азайт , көзі жыбырлағанның бәріне жаппай несие беруді тоқтат!”, – деп шүйлікті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары