$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордадағы зауытта жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды

Зауыт тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіреді.
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "СКЗ-U" күкірт қышқылы заводында жұмысшылар күкірт қышқылына күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 19 маусымда сағат 14:50 шамасында болған. Дәнекерлеушілер Мәди Оспанов пен Абай Бақтыбаев дәл осы уақытта жылу алмастырғыштың штепселін ауыстырып жатқан.

"Дәл сол күні қатты жел соғып, жауын жауып, алай-дүлей болып кетті. Сол кезде жарық та өшіп қалған. Жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда электр жарығы қайта беріледі. Сол кезде күкірт қышқылы атқылай бастайды. Салдарынан екі дәнекерлеуші күкірт қышқылынан химиялық күйік алған", - дейді Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының мамандары.

Қазіргі таңда оқиға бойынша еңбек испекциясы комиссия құрып, тексеру жүріп жатыр.
Ал күкіртке күйген жұмысшылардың бірінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

"1975 жылғы науқас Жаңақорған орталық ауруханасы, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқастың туыстары одан әрі емдеуден бас тартып, өз көлігімен Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізіп, науқас реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Мәди Оспановтың беті, денесі, қолдары және аяқтары қатты күйген. Дәрігерлер "ауыр күйік шогы, екі көздің конъюнктивасының күйіп қалған" деп диагноз қойған.

Айта кетейік, Жаңақорғандағы "СКЗ-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Завод күкірт қышқылын өндіреді. Тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары