22.06.2023, 15:40

Шемонаихадағы жарылыс: 2 адам зардап шекті, 5 техника қирады

Фото: ТЖМ
Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ.

Шемонаихадағы газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"22 маусымда Шемонаихадағы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылғаны айтылды.