$ 494.87  520.65  4.91

Қазір жас аналардың бәрі сырқат: Үйленерде қалыңдықты толық медициналық тексерістен өткізіп алған дұрыс па?

Дәл осы кезде үйдегі ана мен күйеуі қолдау беру керек деп отыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бүгінгінің қыз-келіншектері бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аурушаң, қай-қайсысын тексерсең де бір бойынан бірнеше дерт табылады. Бірінші арна осы орайда жігіттерге өз кеңесін ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ондағы дерекке сүйенсек, бүгінде жүктілікті жоспарлап жүрген жас әйелдерде кездесетін негізгі 4 ауру бар. Ол депрессия, тіс ауруы, анемия және арқа мен мойынның ауырсынуы. Әсіресе күйзеліс бала туған әйелдерде жиі кездесетін көрінеді. Тіпті елдегі әйелдердің 15 пайызы осы ауруға шалдығады екен. 

“Күйзелістің бәрі жүктіліктен кейін пайда болады. Яғни босанған соң. Минералдар жетіспейді, дене дәрумен қажет етеді, – дейді акушер-гинеколог Қалдыгүл Сейітбекова. 

Ал психолог Назым Ибрагимқызы жан күйзелісі кемі 2 жылға созылатынын айтады. Дәл осы кезде үйдегі ана мен күйеуі қолдау беру керек деп отыр. 

“Депрессия егер де 2-3 аптадан артық болатын болса, онда бірден тиісті маманға жүгіну керек. Бұдан құтылудың басты себебі өзіңе ұнайтын іспен айналысу, - дейді маман. 

Көп балалы ана Ләззат Саламатқызы күйзеліспен алғашқы 2 баласын босанғанда бетпе бет келдім дейді. 

“Себебі үйде баламен отырасың таңнан кешке дейін. Күнде қайталанатын бір тірлік. Саған ешкім көңіл аудармайтын сияқты. Шаршайсың. Бала босанғаннан кейін пайда болатын күйзеліс сол сияқты”, - дейді ол. 

Тіс мәселесіне байланысты дәрігерлер жүктіліктің алғашқы 3 айында барынша ауыз қуысқа ден қойған абзал екенін ескертуде. Себебі бала көтергенде әйелге екі есе күш түседі. Ал оған дайын болу үшін денсаулық өте маңызды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары