$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда 4 адамды күйік шалды

4 науқасқа үздіксіз медициналық көмек көрсету үшін Өскеменнен білікті дәрігерлер санавиациямен ұшып барды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстанның Шемонайха қаласындағы жанармай стансиясындағы өрт кезінде тағы 2 адамды күйік шалғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендердің төртеуі де қазір аудандық орталық ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, екі адамның хәлі өте ауыр. Ал келесі ер адам мен әйел хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр.

4 науқасқа үздіксіз медициналық көмек көрсету үшін Өскеменнен білікті дәрігерлер санавиациямен ұшып барды.

Ал жанар-жағармай стансиясында жарылыстың неден болғанын анықтау үшін бірнеше құзырлы органнан бірілескен тергеу-тексеру комиссиясы құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары