$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні.
© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз қалалары бойынша Құрбан намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 28 маусымда басталады.

Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі жарияланды.

Айта кетсек, Құрбан айт қарсаңында санитарлық дәрігерлер ел тұрғындарына үндеу жасап, тазалық талаптарын сақтау керек екенін еске салды.

«Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және мал сату, құрбандық шалу кезінде жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында мынадай талаптардың сақталуы туралы еске саламыз», - деп атап өтті мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары