$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстандағы соттар 20 адамды заңсыз ақтамақ болған

Соттарда 11 мың қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қамтамасыз етілген.
Фото:gov.kz
Фото:gov.kz

Бас прокуратура жарты жылдықтағы жұмысты қорытындылады. Прокурорлар қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруда белгілі нәтижелерге қолжеткізген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурорлар 512 адамды негізсіз күдіктен қорғағаны айтылды.

"Үш буынды модель шеңберінде прокурорлар тергеу органдарының 150 мыңнан аса процестік шешімдерін зерделеп, оның ішінде 4,5 мың қаулыны келісуден бас тартылды", - делінген хабарламада.

Соттарда 11 мың қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қамтамасыз етілген. Прокурорлардың бастамасы бойынша 197 адамға қатысты үкімдер заңға сәйкес тексерілгені, бұл ретте 156 сотталушының жағдайы түзетіліп, оның ішінде 8 адам ақталғаны айтылды.

"Өз кезегінде прокурорлар 20 адамға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермеді және заңсыз ақтау үкімдерінің күшін жоюға қолжеткізді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары