$ 443.44  480.51  4.88

Әліби Ыдырыс жеңілмеген бразилиялықты тізе бүктірді

Қазақстандық жекпе-жек бойы қарсыласынан басым түсті.
Фото: sport.kz
Фото: sport.kz

Алматыда Naiza мен Ural FC промоушендерінің бірлескен турнирінде алдын ала кардтың алтыншы кездесуі өтті, деп хабарлайды Sports.kz сайты. 

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жеңілмеген екі боксшы – бразилиялық Алиссон Сильва (8-0) мен Naiza лигасының бұрынғы чемпионы, қазақстандық Әліби Ыдырыс (7-0) бақ сынады.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ыдырыстың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық жекпе-жек бойы қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Әліби Ыдырыс мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Алиссон Сильва бірінші рет жеңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары