25.06.2023, 01:30

Жалғас Жұмағұлов UFС-дегі соңғы кездесуінде жеңіліп қалды

Фото: zhumagulov_zhalgas инстаграм парақшасы
Джошуа Ван кәсіби карьерасында 8-ші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық жекпе-жек шебері (14-8) Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектен UFC on ABC 5 турнирінде (АҚШ, Флорида штаты) қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Sports.kz сайты. 

Жалғас Жұмағұлов америкалық Джошуа Ванмен (7-1) кездесу өткізді. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол судьялардың шешімімен Джошуа Ванның пайдасына шешілді.

Осылайша, Джошуа Ван кәсіби карьерасында 8-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Жалғас Жұмағұлов 9-шы рет жеңіліске ұшырады.

Жалғас үшін бұл UFC-дегі 6-шы жеңіліс.

Жалғас 2020 жылдың шілдесінде UFC-ге кірген ерлер арасындағы ең бірінші қазақстандық жекпе-жек шебері болатын. Оның ММА-дегі рекорды 14-9. Алғашында Жұмағұлов сәуір айында кездесу өткізуі керек еді. Алайда оның жекпе-жектері мамыр мен шілдеге шегерілді және ол қарсылас тарапының таңдауы еді. Америкалық Нейт Мэнесс жарақат алса, бразилиялық Рафаэль Эстевамның салмағы сәйкес келмеді. Ал Фелипе Бунестің ағзасынан допинг анықталды.