$ 494.87  520.65  4.91

«Өркеші бар»: боливиялық фермер мифологиялық жануар чупакабраны видеоға түсіріп алған

Жұмбақ жаратылыс жануарлардың қанын сорып, бірнеше малдың басын кесіп тастағаны бейнекамераға түсіп қалған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Мифологиялық жануар чупакабра Боливияда дронға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмбақ жаратылыс жануарлардың қанын сорып, бірнеше малдың басын кесіп тастағаны бейнекамераға түсіп қалған.

Мұны Оруро департаментінің фермері түсірген. Бұл округте сиырлар мен ламаларды және альпакаларды біреу қан шығармай өлтіре бастаған.

“Бұл итке ұқсайды, бірақ оның артқы жағында өркеш бар. Суреттерге қарап, бұл чупакабраның сипаттамасына сәйкес келетін сияқты”, – деді боливиялық режиссер және оператор Карла Флорес.

Чаллапата қаласы әкімшілігінің өкілі Люсио Португалол "чупакабра ма, жоқ па" нақты айта алмайтынын айтты. Алайда ол табылған жануарлардың өлекселері арқылы біреу олардың мойнынан асқазанына дейінгі қанын ішіп, өлтіргенін растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары