25.06.2023, 22:30

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды

Фото: polisia.kz
ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды.

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды «Нелегал» іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр.

Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған.

«Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды.

Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді.