$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда кәсіпкер мемлекетке 109 млн теңге залал келтірген

Ол 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары