Әлеуметтік желіде Астана-Щучинск трассасында көлік өртенгені, одан бірнеше адам құтқарылғаны туралы видео тараған болатын. Рolisia.kz мәліметінше, жол апатын зардап шеккендерді шығарып алған ер адамның өзі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 маусым күні сағат 17:00 шамасында полицияның кезекші бөліміне Астана-Щучинск автожолында Щучинск қаласы бағытында екі көлік соқтығысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы Астана-Петропавл автожолының 102-шақырымында болғанын анықтады. Көкшетау қаласына бет алған Exceed TXT көлігінің 39 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, сол бағытта келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Daewoo Nexia автокөлігі өртенген. Exceed автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жанған көліктен жүргізуші мен жолаушыға сыртқа шығуға көмектескен», - деді полициядан.
Жол апатынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
«Тексеруден кейін жолаушы үйіне жіберілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды», - делінген ақпаратта.