27.06.2023, 12:00

Әуежайда жолаушылар отырған ұшаққа найзағай түсті

Фото: Daily Mail
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Арканзас әуежайында дауыл кезінде қайта қонған жолаушыға толы American Eagle ұшағына найзағай түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Оқиғаның видеосын Daily Mail жариялады.

Белгілі болғандай, лайнер дауылдың басылғанын күтіп, ұшу-қону жолағында тұрған. Сол сәтте ұшақты қатарынан екі рет найзағай соғып өтеді.

Видеоға түсіріп тұрған куәгерлердің айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Барлық жолаушы ұшақтан аман-есен түскен.оқиғадан ешкім зардап шекпеген.