$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа Адамдар: Қазақстан болашағы үшін ерікті донорлықтың маңыздылығы неде?

Қан донорлығы әр адамның жауапкершілік сезімін күшейтіп, қоғамның біртұтастығын арттырады.
Фото: Жаңа Адамдар
Фото: Жаңа Адамдар

Ерікті донорлық — азамат қоғам үшін жасай алатын ең игілікті әрі маңызды әрекеттердің бірі. Ол қан мен оның жасушаларының құйылуын қажетсінетін адамдардың өмірлерін құтқару ісінде басты рөл ойнайды. 

Сол себептен, қан донорлығы қалаңыз немесе мемлекетіңіздің азаматтарына зор көмек көрсете алады. Қан донорлығы әр адамның жауапкершілік сезімін күшейтіп, қоғамның біртұтастығын арттырады. Бұл нағыз азаматтық қоғамның белгілері. Дәл осы себепке байланысты біз, Жаңа адамдар белсенділері, ұжымдық донорлық шараларын өткіземіз. Мұның арқасында өз азаматтық ұстанымдарын білдіргісі келетін адамдарға қолайлы шарттар ұйымдастырылады. 

Отан қорғаушылар күні, 7 мамырда, біз бірінші  ұжымдық қан өткізілуін жүргіздік. Сондай-ақ екінші шарамыз 24 маусымда өткен, және осы мейірімді науқанды әрі қарай жалғастыру ниетін білдіреміз. Біз әр шараны келушілер мен қан донорлары үшін қызықты жасауға тырысамыз. Біріншіден, ұжымдық қан өткізілуі демалыс күндерінде, қала саябақтарында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, біз қан тапсырған қаһармандарға арналған демалыс зонасын, қызықты лекцияларды дайындаймыз. Ал өз кезегін күтіп тұрғандар үшін музыкалық көрсетілімдер өткізіледі. Қан тапсырудан кейін демалып, тамақ ішуге өте маңызды, сондықтан біз тамақты да қамтамасыз етеміз. 

Ерікті донорлардың саны — азаматтық жауапкершілік пен рақымдылықтың көрсеткіші. Бұл аса мықты азаматтық қоғамның құрылуында маңызды орын алады, өйткені әр адам өзінің іс-әрекеттерінен мен дүниеге көзқарасынан бастап, бүкіл қоғамның дамуына атсалысады!

Нұсанбаев Алишер, Жаңа Адамдар: Біз осындай шараларды жиірек өткізу үшін барлық күштерімізді саламыз. Біздің қоғамымызда донорлықтың өзектілігін жоғарылату керек. Қаһармандарымызды өз тәжірибесімен жақындармен бөлісуге сұраймыз. Оларға мейірімді істер біреудің өмірін құтқара алатыны туралы айтыңыздар. Бүгін біз жағымды өзгерістерді қозғау үшін бірігіп жатырмыз. Сіздің қатысуыңыз көптеген адамдар үшін үміт пен шабыт нышанына айнала алады. Біз бірге одан да көп жақсылықтарды жарата аламыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары