$ 494.87  520.65  4.91

Ертең Астанада Құрбан айтқа орай автобустар таңғы бестен жүре бастайды

Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордалық автобустар 28 маусымда таңғы сағат 5-тен бастап жүре бастайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты қоғамдық көлік жұмысын әдеттегіден бір сағат ерте бастайды. Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусымда қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден бастап қатынай бастайды.

Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы 8-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:

"Жайлау" базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
"Шанхай" базары, Алаш тасжолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
"Шопан ата" базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
"Баракат" базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
"Ұлжан" әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары).
Осыған дейін Алматыда өткен брифингте Алматы орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қайыргелді Құрбан айт қарсаңында құрбанға шалынатын малдың бағасын тұрақты сақтауға дін мамандары ықпал ете алмайтынын айтқан болатын. Ол Алматыдағы Құрбан айтта құрбандыққа шалынатын малдың бағасын да айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары