28.06.2023, 01:30

Екі нокаут: Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде қалай өнер көрсетіп жатыр?

Фото: sports.kz
Бүгін боксшылар үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Астанада бокстан Елорда кубогы халықаралық турнирінде жарыстың бірінші күні аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Күндізгі сессияда бес, кешкі сессияда төрт жекпе-жек өтті. Бүгін боксшылар үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті – 63,5 келі, 71 келі және 80 келі, оның ішінде Қазақстаннан он екі спортшы бар деп жазды Sports.kz. Барлық матчтың нәтижесі мынадай:

63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Талғат Сырымбетов (Қазақстан) – Базарбайұлы бірінші айналымда техникалық нокаутпен жеңді.

63,5 кг. Василий Самчук (Қазақстан) – Ділмұрат Мижитов (Қазақстан) – Самчук бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) – Ерасыл Танкай (Қазақстан) – Зейнуллиновтың бірінші раундта нокаутпен жеңді.

63,5 кг. Сұлтан Мусинов (Қазақстан) – Анкит Нарвал (Үндістан) – Мусинов жеңді.

71 кг. Ермахан Жақпеков (Қазақстан) – Довуд Махамов (Тәжікстан) – Жақпеков бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

71 кг. Нұржан Амангелді (Қазақстан) – Нурислом Исмоилов (Өзбекстан) – Амангелді жеңіске жетті.

71 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан) – Асадуллаев жеңді.

71 кг. Талғат Шәйкен (Қазақстан) – Хуршед Усвалиев (Тәжікстан) – Шәйкен жеңіске жетті.

80 кг. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) – Шахбоз Хаитов (Тәжікстан) – Жақпеков бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.