$ 494.87  520.65  4.91

Елорда күніне орай отшашу бола ма? Әкімдік жауап берді

Биыл қала күні отшашу болмайды.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі Елорда күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

"Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", - деді астана әкімдігі.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.

Еске салайық, биыл Қазақстан халқы елорда күнінде ұзақ демалатын болды. 2023 жылғы 1 шілде сенбі күні болуына байланысты 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары