$ 475.03  517.21  5.44

Елімізде неке бұрынғыдай АХАТ бөлімдерінде тіркелетін болады

Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беруді АХАТ органдары атқарады.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

АХАТ функцияларының мемлекеттік корпорацияға берілгеннен кейінгі қызмет көрсету тәртібі туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беруді АХАТ органдары атқарады.

«Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілетін болады. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады. Олар аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. Бұдан басқа, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады», - деді Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекова.

Спикердің айтуынша, АХАТ функциясын ХҚО-ларға берудің басты себебі - цифрландыруға көші процесін жүзеге асыру.

«АХАЖ функцияларының Мемлекеттік корпорацияға берілуінің басты себептерінің бірі –  АХАТ электрондық базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы. Атап айтқанда, сапасыз сканерленген құжаттар, қате деректер енгізу, өзгерістер тіркелмеген. Айта кету керек, құжаттар 1937 жылдан бастап сканерленіп, базаға енгізіліп келеді», - деп толықтырды ол.

Цифрландырумен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері айналысатын болады. Бұл адамдарды артық құжаттармен әурелемей, мекемеден мекемеге жүгіртпей-ақ мемлекеттік органдар ақпарат ала алатын, таза, өзекті деректер банкін құруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалуы қажет. Өтініш берген кезде клиент неке қиюды салтанатты түрде немесе мүлдем жасамауды таңдай алады.

Айта кету керек, некені тіркеу (некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, шешім қабылдау және нәтиже шығару) АХАТ бөлімдерінде қолданыстағы тәртіппен жүзеге асырылады. Тиісінше, ХҚКО-ларда салтанатты тіркеу жүргізілмейді.

«Некеге тұрған адамдар өз қалауы бойынша салтанатты жағдайда тіркеуші органдардың арнайы жабдықталған орындарында немесе арнайы тағайындалған мемлекеттік неке сарайларында тіркеле алады. Куәлік берудің нақты уақыты мен осы рәсімді салтанатты жағдайда өткізу шарты өтініш берген кезде алдын ала келісілетінін атап өтеміз.  Некені салтанатты жағдайда тіркеу міндетті рәсім болып табылмайды және тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады», - деп түсіндірді Ә.Болатбекова.

Сонымен қатар АХАТ қызметтерін тек қана тіркеуші органның қызметкерлері көрсетеді. ХҚКО операторларын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды. Жеке өмір, жеке отбасылық өмірі мен отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады.

«Айтпақшы, қызмет көрсету стандарттары, оларды қарау тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, мемлекеттік корпорацияда АХАТ қызметкерлеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін қосымша штаттық бірліктер қарастырылған», - деп атап өтті спикерлер.

Тарифтерге келетін болсақ, АХАТ-та тегін әрі ақылай қызметтер бар. Мысалы, 1 шілдеден бастап некені тіркеу 3874 теңге, ал өзара келісім бойынша некені бұзу 7728 теңге болады. Тууды, өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтер тегін қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#неке кию #АХАЖ