Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
ҚР аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады. Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында күн райы жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-шығысында, шығысында - бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең - тұман, оңтүстік-батысында – күндіз шаңды дауыл сақталады.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
ҚазАқпарат.