30.06.2023, 10:40

Шемонаихада газ құю стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды

фото: ТЖМ
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Шемонаиха ауданының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаевтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды.

"Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жарылыс болуына - қауіпсіздік техникасының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Әзірге бұл негізгі нұсқа ретінде қарастырылуда. Алайда нақты шешім тек тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін шығады", - дейді ол.