Қытайдың туризм саласы Көктем мерекесі кезінде (Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі) ел бюджетіне 423 миллиард юань немесе 61 миллиард доллар пайда алып келді. Бұл туралы бүгін «Жэньминь жибао» басылымы хабарлады.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары дейді мамандар. Аталған мереке кезінде ел аумағында 344 миллион қытайлық сапарға шыққан. Бұл көрсеткіш те 2016 жылмен салыстырғанда 14 пайызға артып отыр. Мереке кезінде 6,15 миллион Қытай азаматы шетелге шыққаны да анықталды. Былтыр бқл көрсеткіш 7 пайызға төмен болатын.
Көткем мерекесі ҚХР тұрғындары үшін ең маңызды мереке болып есептеледі. Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл елге 28 қаңтар күні келіп жеткен. Мерекелік демалыстар 2 ақпанға дейін созылды.