Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қарамастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.
"Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр", - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.