Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін жұмыстан шығарды. Олардың бірі сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қостанай облыстық сотының судьясы Дудин Игорь Игорьевич – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажеттілігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша; Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Әсіпбекұлы Мадмаров – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты атқаратын қызметінен босатылсын", - делінген Тоқаевтың Жарлығында.
Айта кетейік, жақында Дана Тоқмұрзина Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылған.