30.06.2023, 21:30

«Елорда кубогы-2023»: Боксшы Ермахан Жақыпбеков сенсация жасады

Фото: Instagram.com/boxingkazakhstan
Айта кетсек, Севонрец Окадзава 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы.

Отандасымыз Ермахан Жақыпбеков Астанада өтіп жатқан 2023 жылғы "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде Әлем чемпионын жер жастандырып сенсация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Жақыпбеков жапондық Севонрец Окадзавамен кездесіп, оны 3-0 есебімен тақыр-таза ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетсек, Севонрец Окадзава 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы. Ермахан Жақыпбековке келетін болсақ, ол - жастар арасындағы Азия чемпионы. "Елорда Кубогындағы" алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын.