Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғынынан полиция қызметкерлері 7291 түп қарасора мен алты қап кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдік плантациясы анықталған.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі. Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды", – делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.