01.07.2023, 14:40

Канелоның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото: sports.kz
Бұл тарихи жекпе-жек болмақ.

30 қыркүйекте екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (76,2 кг) Канело бірінші орта салмақтағы (69,8 кг) абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарломен кездеседі, деп хабарлады turkystan.kz.

Чарло бірінші орта салмақта (69,9 кг) барлық чемпиондық белбеуді иеленсе, Альварес суперорта дивизионның (76,2 кг) абсолютті чемпионы.

Екеуінің қай салмақта төбелесетіні әзірге айтылмады. Бұл жекпе-жек тарихи болмақ. Өйткені екі қарсылас та – әлемнің абсолютті чемпионы.