Ұлттық статистика бюросы инфляция жөнінде маусым айының қорытындысын жариялады. Бюро мәліметінше, тұтыну бағаларының индексі бір айда баяулап, 2023 жылғы маусымда 0,5% құрады (мамырда – 0,6%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусымда баға жиhаз бен үйге қажетті заттарға 2,6% өсті, шабадандар, жол сөмкелері – 1,4%, велосипедтер – 1,2%, жеке қолданатын заттар бағасы 1% қымбаттады. Мамырмен салыстырғанда маусымда құрылыс материалдары – 0,8%, киім және аяқ киім, фармацевтика өнімдері – әрқайсысы 0,7%-дан өсті. Бензин АИ-95/96 – 1,1%, баллондағы сұйытылған газ 0,7% қымбаттады.
Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыруға – 8,8%, санаторийлер қызметтеріне – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,4%, денсаулық сақтау қызметіне 0,9% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында картоп бағасы 9,9%, жүзім – 4%, лимон – 3,9%, алма – 3,1% өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға, салқындатылған сусындарға 2,4%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына 1,8% байқалды. Банан – 10,6%, жаңа жиналған көкөніс – 8,8%, жұмыртқа – 5,9%, күнбағыс майы – 4,2%, қарақұмық жармасы – 4,1% арзандады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Ақтөбе облысында 0,1% тіркелді. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады.
Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.
2023 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 14,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,8%, ақылы қызметтер 13,3% өсті.
«2022 жылғы маусыммен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,7%, қияр – 33,4%, кір сабын – 42,1%, ыдысты жууға арналған құралдар – 41%, қантсыз қоюландырылған сүт – 42,9%, күріш – 47,6%, күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%, шақпақ қант 32,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 13,8%, сәбіз – 9,5%, картоп – 9,1%, у сарымсақ – 5,4%, қызылша 6,9% арзандады», - делінген хабарламада.