01.07.2023, 16:40

Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды»,- деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.