$ 441.66  475.14  4.86

«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

«Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 4 шілде күні өтеді.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылы бәйгеге қатысы үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды.
«Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.
Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.
Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың шорт-листіне енген 48 үміткерді жариялады:
 
Үздік ақпараттық бағдарлама

«Информбюро» – «31 арна» телеарнасы
«Дневной формат» – «Atameken Business» телеарнасы
«Главные новости» – Бірінші канал «Евразия»
«Aqparat» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы  
Үздік әлеуметтік жоба
«Ел» бағдарламасы– «Jibek Joly» телеарнасы
«Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы
«История Успеха» – «МИР 24» телеарнасы
«Шешімі бар» – «Almaty TV» телеарнасы
Үздік журналистік зерттеу
«Өзекті» бағдарламасы– «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
«ДАТ» – «SARYARQA» телеарнасы
«Арнайы репортаж» – «Хабар 24» телеарнасы
«Туманный январь» – «31 арна» телеарнасы
Үздік аналитикалық бағдарлама
«Жеті күн» – «Хабар» телеарнасы
«Мир.Итоги» – «Atameken Business» телеарнасы
«Apta» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы  
«Президент пәрмені» – «АSTANA TV» телеарнасы
Үздік ток-шоу

«Біздің Мақсат» – «Хабар» телеарнасы
«Тұран төрінде» – «Turkistan» телеарнасы
«1001 түн» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы    
«Басты тақырып» – «Atameken Business» телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
«Bіzdin show» – «31 арна» телеарнасы
«ҚЫЗЫҚ LIVE» – «НТК» телеарнасы
«Түнгі студия» – «Jibek Joly» телеарнасы
«Жеті қазына» – «Хабар» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Республика күні. Жаңғыру» –ҚР Президентінің телерадио кешені
«Вертикаль» – «Qazsport» телеарнасы
«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» телеарнасы
«Елмен қауышқан егемендік» – «Жетінші арна» телеарна

Үздік анимациялық фильм

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» – «Жамбыл» телеарнасы
«Дәрігер Дана» – «Rio Production» ЖК
«Ойыншықтар» – «ASD production» ЖШС
«Тоқты мен серке» – «Казмультфильм» ұлттық компаниясы» ЖШС

Үздік аймақтық телеарна

«Новое телевидение» – Қарағанды қ.
«ALTAI» – Шығыс-Қазақстан облысы
«TARAZ 24» – Тараз қ.
«Caspian News» – Атырау қ.

Үздік тележурналист

Наталья Строкова – «Хабар 24» телеарнасы (Қостанай облысы)
Кирилл Харламов – «МИР 24» телеарнасы
Күнсая Құрмет-Рахимова– «Jibek Joly» телеарнасы
Әйгерім Мұздыбаева – Бірінші канал «Евразия»

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова – «КТК» телеарнасы
Ирина Евгеньева– «31 арна» телеарнасы
Альбина Әшім – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы    
Еркін Байғабылұлы – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік спорт комментаторы

Ермұхамед Мәулен– «Qazsport» телеарнасы
Есей Жеңісұлы– «Qazsport» телеарнасы
Аслан Қаженов – «Хабар 24» телеарнасы    
Дінмұхамед Төлегенов - «Хабар» телеарнасы
 
«Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 4 шілде күні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары