02.07.2023, 10:30

Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді

©UFC
Файтерлер арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтті.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді, деп хабарлайды nur.kz.

Дамир Исмағұлов бұл жолы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 76 үлкен турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Грант Доусон болды.

Файтерлер арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Кездесу белгіленген уақытқа дейін болып, АҚШ өкілінің жеңісімен аяқталды.

Төрешілер бірауыздан Грант Доусонды жеңімпаз деп таныған.

Осылайша, Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңіліп отыр. Айта кетейік, бұл кездесу Дамир Исмағұлов үшін UFC-пен келісімшарт аясындағы соңғы жекпе-жеке болатын.

Алайда оған бұған дейін жаңа келісімшарт ұсынылған еді.