02.07.2023, 15:30

Бокстан «Elorda Cup» турнирінде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

фото: ҚБФ
Ол жекпе-жек барысында қарсыласынан мықты екенін көрсетті.

Бокстан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Бибосынов финалда қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Кенже Мұратұлымен кездесті. Ол жекпе-жек барысында қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медальдар үшін таласуда. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.