$ 441.66  475.14  4.86

Алматы облысында екі шетелдік азаматтың мәйіті табылды

Қылмыс жасады деген күдікпен 1980 жылы туған сол республиканың азаматы ұсталды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қаскелең қаласында жеке үйлердің бірінде пышақ жарақаты бар екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленовтың айтуынша, 26 маусым күні полицияға 1979 жылы туған азамат Қаскелең қаласында жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған.

Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен 1980 жылы туған сол республиканың азаматы ұсталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт ҚР ҚК 1-тармағының 2-бөлігінің 99-бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді, – деп жазды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары