$ 442.05  474.14  4.74

Қостанай облысындағы екі ауданда шегіртке қаптап кетті

Жангелді ауданында шегіртке 241,9 мың гектарға тарап кетті.
© Sputnik / Алексей Куденко
© Sputnik / Алексей Куденко

Қостанай облысының шаруарлары дабыл қағып отыр. Жангелді мен Амангелді аудандарын шегіртке басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Облыстық инспекция шегірткенің қаптап кеткенін растады. Оған қарсы күрес шаралары жүргізіледі. Бірақ ауа райы қолайсыз болып тұр.

Шегірткеге қарсы шаралар күнде атқарылады. Алайда жаңбыр, қатты жел мен жоғары температура химиялық өңдеу шараларын тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Ондай шаралар таңғы және кешкі уақытта атқарылады. Ол кезде ауа температурасы +25 градустан төмен болуы керек, - дейді мамандар.

Жангелді ауданында шегіртке 241,9 мың гектарға тарап кетті. Ал Амангелді ауданында 14,3 мың гектарда қауіпті жәндіктер анықталды. Қаптаған шегіртке Наурызым ауданындағы егістікке жақындады.

Қазіргі кезде шегірткенің басым бөлігі егістік жерлерінен қайтадан Жангелді ауданының даласына ауысты, - деп атап көрсетті инспекторлар.

Мамандарда жермен жүретін алты сепкіш, екі ұшақ мен бес газ генераторы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары