Астанада өткен «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде алтын медаль алған боксшылардың жүлдесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар 700 доллардан, күміс жүлдегерлер 400 доллардан, қола жүлдегерлер 200 доллардан алды. Ерлер арасында сегіз боксшы «алтын» алды: Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Нұрқанат Райыс, Абзал Құттыбеков және Сағындық Тоғамбай.
Әйелдер арасында өткен турнирде сегіз боксшы чемпион болды: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Виктория Графеева, Римма Волосенко, Наталья Богданова, Жасмин Қизатова және Елдана Тәліпова.
Осылайша, Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасындағы чемпиондардың жалпы жүлде қоры 11 200 доллар болды.