03.07.2023, 20:30

«ҚазАвтоЖол» филиалының басшылығы ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.