$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстандық каратэшілер Хорватияда 7 медаль жеңіп алды

Жарысқа барлығы 72 елден 3275 татами шебері жиналған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Пореч қаласында (Хорватия) өткен WKF каратэден «Karate1 Youth League - Porec 2023» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 7 медаль иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. 

Жарысқа барлығы 72 елден 3275 татами шебері жиналған, оның ішінде Қазақстан құрамасының 20 каратэшісі де бар.

Турнир қорытындысы мынадай:
1-орын - Кәусар Естеусіз (48 кг)
2-орын - Кирилл Москвичев (55 кг)
2-орын - Нұрия Тізімбай (68 кг)
3-орын - Максим Москвичев (61 кг)
3-орын - Ақниет Шеризат (50 кг)
3-орын - Жоламан Биғабыл (60 кг)
3-орын - Әлихан Қадырғали (70 кг).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары