Жамбыл облысында таулы жерде өрт шығып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 3 шілдеде сағат 17.30-де Рысқұлов ауданының Шолақ Қайыңды ауылынан 12 км таулы жерден шыққан.
Тау басында құрғақ шөп жанған. Қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр, - делінген департамент хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында департаменттің жеке құрамынан 45 адам мен 6 арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жеткен.
4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін "Қазавиақұтқарудың" ЕО-19 АҚ тікұшағы өрт аумағына шықты, - деп хабарлады ведомство.