$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда ДАИШ-ке қатысы бар деген күдікпен тағы 400 адам ұсталды

Түркия полициясы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қатысы бар деген күдікпен 400-ден астам адамды ұстады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлап отыр.

Арнайы операция Түркияның алты ауданында өтті. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады. Тінту кезінде кейбір күдіктілердің үйлерінен қару табылған. Тергеу мәліметі бойынша, ұсталғандар теракт жасауға дайындалуы мүмкін. Күдіктілер арасында шетел азаматтары да бар, олар ел аумағынан шығарылады.

Түрік билігі Стамбулдағы түнгі клубтағы шабуылдан соң қауіпсіздік шараларын күшейтті. Жаңа жыл түніндегі шабуылды "Ислам мемлекеті" мойнына алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары